Шымкентте курсанттар қызылша жұқтырып жаппай ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте курсанттар  қызылша жұқтырып жаппай ауруханаға түсті

Шымкентте курсанттар қызылша жұқтырып жаппай ауруханаға түсті

Шымкенттегі болашақ полицейлерді даярлайтын оқу орны карантинге жабылды. Ішкі істер министрлігі мектебінің бірнеше курсанты қызылшамен ауырып, ауруханаға түскен. 

  • 30 Мамыр 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Қызылша дерті осында келген астаналық курсанттан табылған. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, қауіпті дертке шалдыққандардың саны қазір жетеу екен. Қызылшаны жұқтырғандар дереу ауруханаға жөнелтіліп, олармен тығыз байланыста болған тағы 40 курсантқа вакцина егілген. 500-ден астам балаға қазір мектеп ауласынан сыртқа шығуға тыйым салынды.


Гүлбану Жаппар, Ішкі істер оқу орталығы дәрігерлік-санитарлық бөлімінің бастығы;

-Барлығы 4 науқас. Олардың мен ешқандай фамилияларын айта алмаймын. Өйткені оның бәрі құпия мәлімет.Қазір карантин жарияланды.