Шымкентте облыстық онкологиялық диспансердің ақша қаражатын ұрлау жөніндегі іс тергелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте облыстық онкологиялық диспансердің ақша қаражатын ұрлау жөніндегі іс тергелуде

Шымкентте облыстық онкологиялық диспансердің ақша қаражатын ұрлау жөніндегі іс тергелуде

Шымкент. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент тұрғыны өзінің сыбайласымен бірлесе отырып, облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларын қолдан жасай отырып, алдау арқылы БТА банкінен өздерінің фирмасының "Казкоммерцбанктегі" шотына 80 млн теңге аударып алған. Бұл туралы журналистерге ОҚО прокуратурасының тергеудің заңдылығын бақылау басқармасының аға прокуроры Ерғали Құттыбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Маусым 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Күдікті қамауға алынды және оған қарсы ҚР ҚК 177-бабы, 3-тармағы, «б» тармақшасы (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Е. Құттыбаев.

Тергеу барысында бұл іске банк қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген күдік туындады. Мамыр айының соңында банк қызметкерлеріне де қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті