Шымкентте пара алды деген күдікпен жол полициясының инспекторы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пара алды деген күдікпен жол полициясының инспекторы ұсталды

Шымкентте пара алды деген күдікпен жол полициясының инспекторы ұсталды

Шымкент. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 20 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен жол полициясының инспекторы ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында қаржы полициясымен бірлесе отырып 27 жастағы жол полициясының инспектор әйелі ұсталды. Ол полиция органдарында небәрі жарты жыл ғана жұмыс істеген.

Тергеу барысы көрсеткеніндей, 10 қаңтарда инспектор бір жүргізушіні мас күйінде ұстап алған. Заң бұзушылықты жасыру және оны сотқа жібермеу үшін жол полициясының әйел қызметкері 20 мың теңге талап еткен. Параны алып жатқан сәтте ол қолға түсті.

Қазір жол полиициясының инспекторы тергеу абақтысына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған әкімшілік шара қолданбау үшін пара алды деген айып тағылуда. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы жылғы көктемде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің басшылығы алғаш рет жол полициясы ротасына әйелдердің қабылданғанын жария еткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті