Шымкентте полицей көлігімен үш адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте полицей көлігімен үш адамды қағып кетті

Шымкентте полицей көлігімен үш адамды қағып кетті

Шымкентте полицей BMW көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Жол-көлік оқиғасы Жібек жолы көшесінд

  • 22 Тамыз 2017
  • 208
Фото - Caravan.kz

Шымкентте полицей BMW көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Жібек жолы көшесінде болған. Бір жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

«18 тамызда Шымкент қаласының полициясына Жібек жолы көшесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған полицейлер BMW автокөлігінің 1985 жылы туған жүргізушісі үш адамды қағып кеткенін анықтады. Жол апаты салдарынан 1980 жылы туған азамат оқиға орнында көз жұмған. Тағы екі зардап шегуші 1981 жылы туған әйел мен 2010 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесін немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.


«Күдікті жүргізуші ішкі істер органдарының қызметкері. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», — деді облыстық ІІД.

Соңғы жаңалықтар