Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ОҚО ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасына қаланың 51 жастағы тұрғыны арыз жазған. Арызында ол әйел полиция қызметкерлерінен өзін ішкі істер бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған бір азаматқа шара қолдануды өтінген.
Жедел-іздестіру шараларының барысында ОҚО ІІД ІҚБ қызметкерлері Мемлекетік мекеменің техникалық инспекциясының бас маманы болып табылатын қаланың 48 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол жалған құжаттарды толтырып, әйел адамға айыппұл салмақшы болған кезде жалған полиция қызметкері қамауға алынған. Заттай айғақ — 20 мың теңге көлеміндегі ақша тұтқындалғанның кеуде қалтасынан табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабының 2-тармағы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті