Шымкентте қаланың орталық көшелерінің біріндегі көпір апат алдындағы жағдайда тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қаланың орталық көшелерінің біріндегі көпір апат алдындағы жағдайда тұр

Шымкентте қаланың орталық көшелерінің біріндегі көпір апат алдындағы жағдайда тұр

Шымкент. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте Қонаев даңғылындағы көпір шөге бастады, ал төсенген тақтатастардың аралығында күн өткен сайын ұлғайып бара жатқан сызаттар пайда болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Маусым 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Егер іргесі нашар болса, оны жөндеу керек», — деді облыс әкімі Нұрғали Әшімов осы мәселе жайында.

Қонаев даңғылын 2 шақырым 850 метрге ұлғайту жұмыстары 2001 жылы басталған. Нысанды пайдалануға беру мерзімі бірнеше мәрте шегерілген. 2004 жылдың қазан айында (Елбасы сапарының қарсаңында) даңғыл жедел аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат берілген. Бірақ, пайдалануға беру актісіне ешкім қол қоймаған. Келер жылы жол көптеген жерінен жерге отыра бастады. Содан бері көпір жыл сайын жөнделеді. Алайда, көзделген нәтижеге әлі қол жеткен жоқ.

Қазір мамандар жұмыс кезінде технологияның бұзылғанын айтуда. Жол салушылар болса, көпірдің құламайтынын айтады. Алайда, көпірдің астын қазып, бастабында төселген балшықты технология бойынша салынуы тиіс топыраққа алмастыру керек, деп ескертеді. Әзірге көпірдегі жол қозғалысына тыйым салынған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті