Шымкентте қаруланған 4 жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қаруланған 4 жасөспірім ұсталды

Шымкентте қаруланған 4 жасөспірім ұсталды

Шымкентте полицейлер түнгі уақытта көшеде ата-аналарының қарауынсыз жүрген төрт жасөспірімді тоқтатқан. Тергеу барысында біреуінің сөмкесінен қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 218
Фото - Caravan.kz

1999 және 2000 жылы туған жасөспірімдер өздерімен бірге шолақ аңшы мылтығы, екі травматикалық тапанша алып жүргені анықталды. Сөмкеден сондай-ақ бетперде мен пышақтар да табылыпты.  Соған қарағанда жасөспірімдер тонауға бара жатуы мүмкін деген жорамал жасалды.

Қазіргі кезде полицейлер төрт баланың қаруды қайдан алғанын және қандай да бір қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


 

Соңғы жаңалықтар