Кеше қалалық әкімдікте қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының кезекті тұсаукесері өткізілді, оны Алматының «Вторма-экология» компаниясы таныстырды. Жаңа жобада қоқыс қоймасын тұрғызу, қоқысты сұрыптау конвейері мен оларды өңдейтін зауыт салу қарастырылған.
Әкімдік басшылығы мен инвесторлардың жоба табысты жүзеге асырылады деген сеніміне қарамастан, облыстық БАҚ-тар мен жұртшылық қала басшылығының жоспарларына күмәнмен қарайды. Өйткені, кейінгі үш жылда бұл қоқыс өңдеу саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған төртінші талпыныс. Осы мерзімде ауысып үлгерген облыс орталығының үш басшысының әрқайсысы жаңа жобаның тұсаукесерін өткізгенімен, олардың біреуі де бұған дейінгі жобалардың іске аспай қалу себептерін түсіндірген емес.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті