Шымкентте қос ұлын өлтірген әкеге үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қос ұлын өлтірген әкеге үкім шықты

Шымкентте қос ұлын өлтірген әкеге үкім шықты

Ал Оңтүстік Қазақстанда туған балаларын әкесі өлтірген еді. Шымкентте соған қатысты сот үкімі шықты. 4 және 2 жастағы қос ұлын бірнеше мәрте пышақтаған 36 жастағы азамат енді қалған өмірін түрмеде өткізетін болады.

  • 21 Қараша 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Университетте биология пәнінен сабақ берген Ержан Әлжанов осыдан бір жыл бұрын жұмыстан босап қалған соң, әйелімен де ажырасқан. Ұлдарының бұрынғы жұбайының жетегінде кеткеніне ызаланған ол, балаларын шалғайдағы Созақ ауданына ұрлап әкетеді. Осыдан кейін бүлдіршіндерді жүрегінен бірнеше мәрте пышақтап өлтіріп, өзіне де қол салған болатын. Бірақ тірі қалды. Мұнан кейін қанышер әке жарты жылдай жындыханада жатты. Өзі әрекетіне жауап бере алатыны анық болған соң ғана, бүгін сот оған қатысты ең қатаң үкім шығарды.


Әбинұр Қарабаев, судья:

— Бүгін соттың үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы, екінші бөлігі А,В,О тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындадық.