«Дүйсенбіден бастап біз «Шымкентцемент» АҚ цемент ала бастадық. Шикізат жеткізу төтенше жағдайдың салдарын жою мемлекеттік бағдарламасы аясында жүруде. Бұл бағдарламаға сәйкес, біз 141 мың бет шифер шығару үшін 2 мың тонна цемент аламыз», — деп хабарлады Н. Турабаев.
Шифер зауытының директорының айтуынша, облыстың тасқыннан зардап шеккен аудандарының үйлерін салуға арналған бұл тапсырысты кәсіпорын 15-16 күнде орындайды. Кәсіпорын толығымен жұмыс істеп тұруы үшін айына 6 мың тонна цемент қажет екен. «Асбоцемконструкция» АҚ кәсіпорынында 350 адам жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті