Шымкентте тегін ғаламтор желісі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тегін ғаламтор желісі іске қосылды

Шымкентте тегін ғаламтор желісі іске қосылды

Шымкентте тегін ғаламтор желісі іске қосылды. Бұл мәселе қала әкімі Дархан Сатыбалдының жылдық есеп беру кездесулерінде жастар тарапынан жиі көтеріліп жүрген сұрақтардың бірі еді

  • 23 Шiлде 2014
  • 527
Фото - Caravan.kz

Осы мақсатқа қала бюджетінен 8 миллион теңге бөлінді. Мердігер мекеме Wi-Fi қондырғыларын қаланың 6 саябағына орнатып шықты. Енді шымкенттіктер мен шаһар қонақтары «Абай», «Тәуелсіздік», «Жеңіс», «Орталық» саябақтары мен «Нұрсәт» және «Жастар» аллеясында секундына 8 Мегабит жылдамдықта жұмыс істейтін сымсыз жүйенің қызығын көре алады.

Демалыс орындарының әрқайсысында ғаламторды 300-ден мыңға дейін адам пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл игі бастамаға әсіресе студенттер мен блогерлер қуануда. Әзірге тегін қызмет желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Келер жылы да бұл бастама аяқсыз қалмайды деп сендірді әкімдіктегілер.