Шымкентте той кортежінің ерсі жүрісі жұрттың наразылығын туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте той кортежінің ерсі жүрісі жұрттың наразылығын туғызды

Шымкентте той кортежінің ерсі жүрісі жұрттың наразылығын туғызды

Тізілген он шақты қымбат көлік ереже бұзып, орталық көшелерде өзге жүргізушілерге жол бермей қойған.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 203
Фото - Caravan.kz

Жалпы, Шымкентте той болса лимузин жалдап, артына ондаған машинамен бірнеше сағат тек көше аралау жазылмаған заңға айналған. Бірақ, сол кортеж көбіне көшеде өзгелерге едәуір қиындық тудырады. Әсіресе демалыс күндері қаланың орталық жолдарымен жүру мұң болды деген жүргізушілер полицейлерге мұндай бассыздықты тоқтатсын деп талап етіп отыр.

Мақсат Жақсыбайұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Жолдың бәрін жауып тастайды. Осы 4 жолақ  болатын болса төртеуінде де жүреді.Төртеуін де жауып тастайды. Кортеж. Осы жолда ирек қылып, қорқасың осы. Басып озуға қорқасың. Ішіп алған біреу болса бітті. Сенің өмірің қауіп-қатердің тура ортасында.