Шымкентте үш ұрлықшы әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үш ұрлықшы әйел ұсталды

Шымкентте үш ұрлықшы әйел ұсталды

Шымкентте жұрттың қалтасына түскен деген күдікпен үш әйел ұсталды деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілерді ұстауға жергілікті тұрғынның арызы себеп болды. Базарда әйелдің сөмкесіне ұры түсіп, 120 мың теңгесін алып кетіпті. Бақылау камераларының көмегімен полицейлер 1971, 1985 және 1991 жылы туылған жұмыссыз үш әйелді ұстады.

  • 6 Қаңтар 2017
  • 774
Фото - Caravan.kz


Тергеу нәтижесі бойынша, ұсталғандар жалпы сомасы 200 мың теңгені құрайтын үш ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр.  ҚР ҚК 188 бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.