Шымкентте жантүршігерлік апатқа себепкер болған кәсіпкердің ұлы сотта жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жантүршігерлік апатқа себепкер болған кәсіпкердің ұлы сотта жауап беруде

Шымкентте жантүршігерлік апатқа себепкер болған кәсіпкердің ұлы сотта жауап беруде

Шымкентте ішімдікке тойып алып, 4 адамның ажалына себепкер болған бай баласына қатысты сот ісі басталды. Айыпталушы орындығында, оңтүстіктегі белді кәсіпкер Бауыржан Танкеевтің ұлы Мұрат Танкеев.

  • 28 Қаңтар 2016
  • 176
Фото - Caravan.kz

Қанды оқиға осыдан екі ай бұрын Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде болған. Ішімдікке сылқия тойып, қымбат Лексус джипін тізгіндеген 24 жастағы Мұрат Танкеев қарсы бетте келе жатқан Аудиді соғып, салдарынан ішіндегі бір әулеттің 4 адамы қаза тапты. Екеуі 6-ға да толмаған бүлдіршіндер. Ішкі істер департаментіндегі лауазымды ағасы және әкесінің ақшасы арқылы құтылып кетемін деп бай баласының оқиға орнында даңдайсығаны да есте. Бүгін алғашқы сот отырысы басталмай жатып-ақ жәбірленушілер мен Мұрат Танкеевтің туыстары шекісіп қалды.