Қорғасын зауыты ауданындағы жеке меншік үйлердің иелері жылумен қамтамасыз ету ұйымының басшысынан олардың үйлерін жылу желілерін қайта құруға байланысты жылумен қамсыздандыруға техникалық мүмкіндік жоқ деген хабарлама алған. Тұрғындарға қысқа өз беттерінше дайындалуға кеңес берілген.
Бұрындары 2-ші ЖЭО жылумен қамтамасыз еткен аталмыш учаскенің тұтынушылары қала басшылығы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінді. Олар «жылудан ажыратылған» үйлерде негізінен зейнеткерлердің тұратындығын айтып отыр. «Жылыту агрегаттарын сатып алу және оны орнатуға 120 — 130 мың теңге қажет, ал бұл біздің жылдық зейнетақымыз»,- деді тұрғындардың бірі.
«3-ші Энергетикалық орталық» АҚ өкілі Шәріп Аханбаев журналистерге аталмыш үйлердің орталықтандырылған жылу жүйесінен үзілгендігі туралы деректі растады. «Автономдық және пешпен жылытуға көшуге болады. Қазандықтар, пештер, тіптен буржуйкалар орнатуға да болады. Бұл шара уақытша, тиісті қайта құрудан кейін орталықтандырылған жылу беруді қалпына келтіру жоспарлануда»,- деп қосты ол.