Шымкентте жеңіл көлік автобусқа соғылып 11 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жеңіл көлік автобусқа соғылып 11 адам жараланды

Шымкентте жеңіл көлік автобусқа соғылып 11 адам жараланды

Шымкентте автобус жол апатына ұшырады. Бұл мезетте қоғамдық көлік іші жолаушыларға лық толы болған екен. Салдарынан 11 адам ауыр халде ауруханаға түсті.

  • 22 Қараша 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

Ал жол апатына қымбат көліктің автобусқа соғылуы себеп болған. Соңғы үлгідегі Тойота Камри көлігі бағдаршамның түсіне қарамай, автобустың алдынан соққан. Сасып қалған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіпті. Соққының қатты болғаны соншалық, электр бағанасын құлатып, ағашқа ұрылып барып қана тоқтаған. Қоғамдық көлік жарамсыз боп қалды. Ал жол апатына себепкер Тойота қожайыны кінәсін толық мойнына алып отыр.


Данияр Естаев, автобус жүргізушісі:

-Көк жанды, содан енді қозғалғанбыз. Енді қозғалған кезде анау мойкадан шыққан Камри -50 шықты да содан мені ұрды. Өзі ұшып кетті. Содан мен рульді басқарып үлгере алмай қалдым ғой.  Бір 40 шақты адам бар-ау.