Шымкентте жолдардың қымбат плиталармен қапталуы жүргізушілерді таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жолдардың қымбат плиталармен қапталуы жүргізушілерді таңқалдырды

Шымкентте жолдардың қымбат плиталармен қапталуы жүргізушілерді таңқалдырды

Шымкентте асфальт жолдардағы ойықтар қымбат плиталармен жамалып жатыр. Коммуналшылар қыс бойы құбырларды жөндейміз деп, жолдың тас-талқанын шығарған.

  • 17 Наурыз 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

Енді қала билігі коммуналдық қызметтен қалай да көшелерді ретке келтіруді талап етті. Олар сасқандарынан, тас плиталарды төсеп тастаған екен. Сөйтіп, жыртық жолдарды жамау үшін жергілікті бюджеттен 1 тиын да шықпады. Ал жолдарды асфальттау сәуірге жоспарланыпты. Сондықтан, жүргізушілерге ыңғайсыздық келтірсе де, қымбат материалмен өңделген жолдар әлі кемінде бір ай жатады.

Еркебұлан Ақбердиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

 —Бір жағынан қызық көрінеді. Жолда кетіп бара жатқан кезде асфальттың арасында осындай брусчаткалар төселіп жатқаны енді Шымкентте ғана бар шығар.