Шымкенттік автобус жолдан шығып, 3 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік автобус жолдан шығып, 3 адам қаза тапты

Шымкенттік автобус жолдан шығып, 3 адам қаза тапты

Жамбыл облысының трассасында келе жатқан шымкенттік автобус жолдан шығып кетіп, 3 азамат қаза тапты.

  • 28 Сәуiр 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Жол апаты өткен сенбі күні Қордай ауданындағы Соған ауылының маңайында болған. Mersedec Sprinter маркалы шағын автобусы жолдан шығып кеткен. Ал автобуста 1 жүргізуші мен 18 жолаушы отырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен азаматтар Қордай ауданындағы ауруханаға және Гвардейский кентіндегі медициналық-санитарлық бөлімге жеткізілген.

Апат салдарынан 3 жолаушы қаза тапқан. Оның біреуі Қазақстан азаматы болса, қалған 2 адам Өзбекстан азаматы. Жалпы автобуста тек 2 жолаушы Қазақстан азаматы болған. Ал қалған жолаушылар өзбекстандық азаматтар екен. Олар Алматыға ақша табуға бара жатқан.

Жолдан шығып кеткен автобус шымкенттік тұрғынға тиесілі. Қазіргі таңда Қордай ауылындағы ауруханада жол апатынан зардап шеккен екі азамат ем қабылдап жатыр. Ал қалған азаматтарға тиісті медициналық көмек көрсетілген соң олар Өзбекстан шекарасына дейін жеткізілген. Кейін қазақстандық тарап азаматтарды өзбекстандық дәрігерлерге тапсырған.


Оқи отырыңыз:

20 жастағы жігіт биені зорлаған

Жамбыл облысында әкімдерге ірі айыппұл салынды

IBF Головкинге ультиматум қойды

Соңғы жаңалықтар