Жарияланды: 420

Шымкенттік оқушылар ҰБТ-да орташа алғанда 90 балл жинады

ҰБТ тапсыру кезінде шымкенттік оқушылардың орташа балы 90 балл болып, өткен жылғы көрсеткіштен 10 балл артық, деп санайды қалалық білім басқармасының оқу секторының меңгерушісі Кенжекүл Сағындықова.

«Ең жоғары көрсеткіштер №№ 47, 65, 23, 25, 1, 38, 9 мектептерде, - деді ол. - Менің ойымша, біздің балалар өздерінің әлінше нәтиже көрсетті. Өйткені бақылау күшті болды». Шымкенттік оқушылар арасында тестіні №23 гимназияның түлегі Айдана Рахимова ең жақсы тапсырды. Ол 124 балл жинады. Ал ең жоғарғы баға - 125 балды аудандық мектептердің 8 түлегі жинады. Орташа балл бойынша аймақта бірінші орынды Төле би ауданының 11 сынып оқушылары, екінші орынды Түлкібастық оқушылар, үшінші орынды Қазығұрт ауданы иеленді. Облыстық білім басқармасының мамандарының пікірінше, ҰБТ нәтижелері бойынша ОҚО республика облыстарының үздік үштігіне кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін