Жарияланды: 700

Шымкенттің бұрынғы әкімі Д. Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкенттің бұрынғы әкімі Д. Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Дархан Сатыбалды тағайындалды, ол Берік Оспановтың орнын алмастырды.

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары,  мамандығы  - экономист-менеджер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1991 жылы Келес ауданы Келес кеңшары Коммунизм бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. 1996-1999 жылдары Келес ауданы «Келес» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға экономисі, Ақмола қаласы «Кураков и Ко» ЖШС-нің бас бухгалтері, 1999-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитеті Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдерінің орындалуын бақылау басқармасының Мәдениет және спорт ұйымдарында бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің жетекші бақылаушы-ревизоры, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарында бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-ревизоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімінің экономикалық талдау және бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі, Астана қаласының тұрғын үй департаменті «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің сот орындаушысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік, Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2011 жылдың тамыз айынан бастап  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 
2013 жылдың 27 мамырынан Шымкент қаласының әкімі қызметінде еңбек етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін