Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне барған әр туристке 80 доллардан сыйақы төленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне барған әр туристке 80 доллардан сыйақы төленбек

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне барған әр туристке 80 доллардан сыйақы төленбек

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі барған әр туристке жергілікті билік 500 юань (80 доллар) көлемінде сыйақы беруге уәде етіп отыр.

  • 29 Мамыр 2014
  • 522
Фото - Caravan.kz

Әзірге бұл істің қалай жүзеге асырылатыны хабарланбады. Сондай-ақ сыйақы шетелдік туристерге берілетіні не берілмейтіні де нақтыланбады.

Шыңжаңда террористік оқиғалардың қайталануы мұнда келетін туристер санын азайтты. Яғни, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 40% құрады. 2013 жылдың соңындағы деректерге қарағанда, Шыңжаңның жергілікті тұрғындарының 1,5 млн. астамы туристік және аралас салаларда жұмыс істейді.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі туризм басқармасының бастығы Инам Несрединнің сөзіне қарағанда, бұл өңірге туристер көптеп келетін. Алайда елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының оңтүстік-батысындағы Куньмине қаласындағы шабуылдардан кейін туристердің көбі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне келуден бас тартқан.

Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Үрімжі сапаржайында болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 79 адам жарақаттанған еді. Ал мамырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі базарлардың бірінде болған жарылыстан 39 қаза тауып, 94-і жарақат алды.