ШЫҰ-ның 15 жылдығы жылында саяси, экономикалық және гуманитарлық өлшемдерді дамыту жөнінде келелі пікір алысылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушысын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кірісуімен құттықтады және ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың атынан құттықтау хатты тапсырды.
Ш.Нұрышев сондай-ақ ШЫҰ байқаушылар миссиясын Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызда өтетін алдағы парламенттік сайлау өткізу барысына бақылау жасау үшін қатысуға шақырды.
Еске сала кетейік, Рашид Алимов 2015 жылдың жазында Уфадағы ШЫҰ саммиті барысында ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Ротация ережелеріне сәйкес ол Ұйымға 2018 жылғы желтоқсанға дейін басшылық ететін болады.