Тәжікстан мәдениет министрлігінің хабарлауынша, кеңес барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі 2008-2009 жылдардағы мәдени ықпалдастық мәселелері жөніндегі сарапшылық топтың жұмыс жоспары мен ұйымға мүше елдердің өнер фестивалін өткізу тәртібі туралы ережені қарау жоспарланған.
Шараға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрі Султан Раев, Қытайдың мәдениет министрі У Цай, Ресейдің мәдениет министрі Александр Авдеев, Өзбекстан Республикасының мәдениет және спорт істері жөніндегі министрі Рустам Курбанов, Тәжікстан мәдениет министрі Мирзошохрух Асрори қатысады.
Кеңес аясында Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл мемлекеттік мәдени-тарихи қорығының көрме залында декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті