Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев прокуратуралардың арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ лаңкестік, экстремизм және трансұлттық қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен тиімді шешімдер жасалмақ. Бірнеше мемлекеттің бас прокурорлары көзбе-көз кездесу арқылы бірқатар мәселелер осы жерде талқыланып, шешім қабылданады деген үміт бар. Айта кетерлігі осындай кездесулер ТМД көлемінде 25-ші рет, ал Шанхай ынтымақтастық ұйымының аумағында 13-ші рет өткізіліп отыр.