ШЫҰ қолдауымен ауған қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздер процессі қажет - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ қолдауымен ауған қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздер процессі қажет - сарапшы

ШЫҰ қолдауымен ауған қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздер процессі қажет - сарапшы

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен ауған қақтығысын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін келіссөздер процессі қажет. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында 9-10 маусым күндері Ыстықкөлде өткен "Ауғанстан, ШЫҰ, Орталық Еуразиядағы қауіпсіздік пен геосаясат" атты халықаралық конференцияның жұмыс қорытындысы жайлы әңгімелеу кезінде Қырғыз - Ресей славян университетінің профессоры Александр Князев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

А. Князев ауған қақтығысын реттеу процессінде 90-жылдардағы Тәжікстандағы қақтығысты реттеу кестесін пайдалану мүмкіндігң бар екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл үшін ШЫҰ-ның Ауғанстанның ішкі саяси күштеріне ықпал ету мүмкіндігін пайдалану қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті