Синоптиктер қыркүйек айындағы ауа райы болжамын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер қыркүйек айындағы ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер қыркүйек айындағы ауа райы болжамын жариялады

Қыркүйек айында жаңбыр жауып ауа температурасы бірте-бірте төмендей бастайды.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.

“Тамыз айы қыркүйек айына жылы ауа-райы эстафетасын береді. Бірақ еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында ауа-райы жаңбырлы болады. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында жаңбыр жауып ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтіледі. 4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12-20 градус жылы, күндіз 20-28 градусқа дейін жылы; 6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстігінде және орталығында, 8-10 қыркүйекте шығында түнде 7-15 градус жылы, ал күндіз 17-25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12-20 градус жылы, күндіз 22-30 градусқа дейін жылы. 8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік шығыста түнде 10-18 градус жылы, ал күндіз 20-28 градусқа дейін жылы. Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды: солтүстік жартысында күндіз 22-30 градусқа дейін жылы; оңтүстік жартысында күндіз 27-35 градусқа дейін жылы; Алдын ала болжам бойынша, қарқынды салқын толқындары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты қарға айналуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар