Сирияда кикілжің салдарынан босқындар Еуропаға ұмтылуы ықтимал - ЮНИСЕФ
![]() |
Сириядағы шиеленісті шешу үшін тиімді шаралар қолданбайынша, еуропалық елдердегі көші-қон дағдарысы қиындай бермек, |
деп мәлімдеді жұмада ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық бөлімшесінің бастығы Питер Салама.
" Сирияда кикілжің тоқтамай отырғандықтан миллиондаған босқын ЕО пен басқа елдерге ұмтылуы ықтимал», деді ол журналистерге.
БҰҰ деректеріне қарағанда, 2011 жылы сириялық соғыс басталғалы бері елден 4 млн аса адам кеткен, оның жартысы балалар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін