Сириядағы соғысқа кеткендер отанына оралудан қорқады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы соғысқа  кеткендер отанына оралудан қорқады

Сириядағы соғысқа кеткендер отанына оралудан қорқады

Ұлттық қауіпсіздік қызметі тағы бір лаңкестік шабуылдың жолын кесті. Бұл жолы Сириядағы содырлардың лагерінде тыңғылықты дайындықтан өткен жанкешті елімізде бірнеше жойқын жарылыс жасамақ болған. Тіпті бес қаруын да сол жақтан сайлап келіпті.

  • 21 Наурыз 2015
  • 336
Фото - Caravan.kz

Қаскөй қазақ пен қырғыз қауіпсіздік қызметтерінің бірлескен шарасы барысында қолға түсіп отыр. Көрші елдің аумағы арқылы өткен лаңкес, Шымкентте емін-еркін жарылғыш заттар жасаумен айналысқан. Құзырлы орындар енді оның шекарадан қалай өткенін тексеріп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұның алдында да осындай лаңкестік топты құрықтаған екен. Олар да Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан аумағында жойқын жарылыстар жасамақ болыпты. Құзырлы орындар өзге елдерде соғысып, елге қайтқандарды жіті бақылап отыр. Жыл басынан бері осындай 15 адам кері қайтқан. Жалпы қазір Сирияда 150 қазақ лаңкестер сапында жүр. Тағы 200 отандасымызды, яғни бала-шағаларын өздерімен ерте кеткен.

Нұрғали Білісбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

-Негізінде, бұл адамдардың бәрі ол жаққа алданып кеткендер. Түрлі лаңкестік әрекеттерді, түрлі соғысты көріп, олар өз қателерін енді мойындап жатыр. Бірақ, қайтадан  елге  оралайын десе, қорқады.Қылмыстық жауапкершіліктен.