Жарияланды: 360

Сириядан Мәскеуге ұшып келген арнайы рейсте қазақстандықтар да бар

Сириядан Мәскеуге ұшып келген арнайы рейсте қазақстандықтар да бар

Мәскеудегі Домодедово әуежайына Сирияның Жерорта теңізіндегі портты қаласы

Латакиядан арнайы рейс жасаған Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінгің Ил-76 ұшағы қонды. 

Оның бортында Сириядағы қақтығыстардың күшеюіне байланысты Сириядан кетуді қалаған Ресей, ТМД және Сирияның 59 азаматы бар. Арнайы рейс жолаушыларының қатарында Ресей, Сирия, Украина, Беларусь және Қазақстанның азаматтары да болды, деп хабарланды РФ ТЖМ ресми сайтында. 

Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталды. Оған түрлі топтар, соның ішінде лаңкестік қозғалыстар бар. Қақтығыс салдарынан 230 мың адам қаза тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін