Сирияға соққы беру мәселесінде америкалық конгрессмендердің пікірі екіге жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияға соққы беру мәселесінде америкалық конгрессмендердің пікірі екіге жарылды

Сирияға соққы беру мәселесінде америкалық конгрессмендердің пікірі екіге жарылды.
           «Біз Сирияға соққы беруге қарсы дауыс берсек, оның салдары ауыр болатынын түсінуіміз керек», - деп мәлімдеді сенатор Джон Маккейн Ақ үйде АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуден кейін журналистерге.
           Соңғы деректерге қарағанда, президент конгрессмендерді Сирияға қарсы әскери операцияны бастауға санкция беруге үгіттеу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен.
           Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Б.Обаманың әскери операция туралы шешімін конгресс мүшелерінің бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Олардың кейбірі Сирия билігінің химиялық қару қолданғанын дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз деп есептейді. Сонымен қатар, олар аталған операцияның Құрама Штаттар үшін маңыздылығына күмәнмен қарайды.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 479
Фото - Caravan.kz

Сирияға соққы беру мәселесінде америкалық конгрессмендердің пікірі екіге жарылды.

           «Біз Сирияға соққы беруге қарсы дауыс берсек, оның салдары ауыр болатынын түсінуіміз керек», — деп мәлімдеді сенатор Джон Маккейн Ақ үйде АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуден кейін журналистерге.