Ішкі қақтығыс басталғалы бері Сириядан кеткен босқындар саны 2 млн асты, деп БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссар басқармасы мәлімдеді.
Оның ішінде 700 мыңнан астамы көрші Ливанда. Сириямен көрші өзге елдерде де босқындар саны артуда.
Босқындардың жартысына жуығы балалар, оның көбісі 11 жасқа дейінгі балалар.