Сириялық оппозиция қазан айының басында Астанада тағы бас қосады
![]() |
Сириялық оппозиция келіссөздерінің кезекті раунды Астанада қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында Астанада өтеді. |
Бұл туралы оппозициялық Плюралистік қоғам үшін қозғалысы жетекшісі Ранда Кассис хабарлады.
«Қыркүйектің соңы мен қазанның басында, шамамен 30-қыркүйек пен 3-қазан аралығында Астанадағы келіссөздердің екінші раунды өтеді», - деп мәлімдеді ол бейсенбі күні.
Айтуынша, аталған кездесуге ресми Дамаск өкілдері қатыспайды.
«Бірінші кездесуге қатысқандардың басым бөлігі – Сириядағы саяси қозғалыстар мен АҚШ, Еуропа елдері, Түркия сынды елдердің өкілдері, барлығы 40-60 адам қатысады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін