"СК-Фармация" төрағасының жалақысы 750 мың теңге екені рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"СК-Фармация" төрағасының жалақысы 750 мың теңге екені рас па?

"СК-Фармация" төрағасының жалақысы 750 мың теңге екені рас па?

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының жалақысы алдағы кеңесте бекітіледі.

  • 7 Тамыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Ал әзірге компания басшысының жұмысы үшін 750 мың теңге төленеді екен.

Бұл туралы компанияның басшысы Ерхат Есқалиевтің өзі айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

– Жалақым 750 мың теңгеден басталады, бірақ жұмысқа кіріскеніме бір ай болған жоқ әлі, жалақымның деңгейін келесі кеңесте бекітуіміз керек, – деді ол.

Оның сөзінше, компанияда әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аренда шығындарын 10% және жекелеген алаңдар санын 20%-ға қысқарту жоспарлануда.

Бұрын тек қана мемлекеттік медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізетін "СК-Фармация" енді бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар желілерімен жұмыс істемек ниетте.

– Шекті бағаларды Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Біз өз бағаларымызға логистика мен сақтау шығындарын ғана қоспақпыз. Біз өз бағаларымыздың құралуын ашық көрсетуге тырысудамыз, біз үшін бастысы – қажет жерлерде дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде болғаны. Бұл жерден ақша табу мәселесі қарастырылмайды. Жұмыс тобы аясында осы мәселелерді реттеуге тырысамыз, – деді Есқалиев.