Жарияланды: 40

Скрипальді улаған делінетін Қазақстан тумасы туралы жаңа мәліметтер жарияланды

Скрипальді улаған делінетін Қазақстан тумасы туралы жаңа мәліметтер жарияланды

The Insider басылымы мен Bellingcat зерттеу тобы ГРУ-дың бұрынғы офицері әрі қос тараптың агенті Сергей Срипаль мен оның қызы Юлияға шабуыл жасаған үшінші күдікті туралы мәліметтер жариялады.

Ресейдің әскери барлауының қызметкері Денис Сервеев (агенттіктегі лақап аты Сергей Федотов) үшінші күдікті ретінде аталды, деп жазды centralasian.org

Журналистер анықтаған мәліметтер бойынша, Сергеев Қазақстандағы Үшарал (Алматы облысы) қаласында өскен. 1990 жылы Екатеринбугтегі әскери училищесін бітіріп, әскери мансабын әскери-десанттық әскерде жалғастырған. 1999 жылы Сергеев Дағыстандағы Ослиное Ухо тауы үшін соғысқа қатысқан, жараланған, мемлекеттік наградаға ұсынылған. 2000-жылдардың басында Сергеев Мәскеуге көшіп келген, әскери барлау қызметкерлерін дайындайтын Әскери академияға оқуға түскен.

The Insider мәліметі бойынша, Сергеев агент Скрипальді ғана емес, сонымен бірге болгар кәсіпкері Емельян Гебревті улауға, Ресейдің шетелдегі бірнеше операциясына қатысуы мүмкін. Мысалы, ол Каталонияда бөліну туралы референдум қарсаңында болған, Британияға Брекзит туралы референдум алдында барған. Бұл оқиғаларға оның тікелей қатысы барын журналистер дәлелдей алмаған. Бірақ Сергеевтің Черногориядағы әскери төңкеріске қатысқан әскери барлау қызметкерімен таныс болған.

Журналстер Сергеевтің Тәжікстанға 2013 жылы, Чехияға 2014 жылы және Түркияға 2015 жылы барғанын анықтады. Bellingcat және The Insider журналистері әңгімелескен маман бұл сапарлар Сирияға қару сатумен байланысты болуы мүмкін екендігін айтқан. Бұл болжамға дәлел жоқ. The Insider басылымы Bellingcat-пен бірге жүргізген зерттеуін баяндаманың келесі бөлімінде жариялауға уәде берді.

Сергей Скрипаль ісінде үшінді күдікті - Сергей Федотов екені биыл ақпан айының басында белілі болды. Бұған дейін ақпарат құралдары Александр Мишкин мен Анатолии Чепига туралы хабарлап келді. Британ тергеушілері олар Мәскеудің тапсырмасымен Англияда "Новичок" уын пайдаланды деп отыр. Мәскеу бұл айыптау жоққа шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін