Әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдерді аудармау себептерін инвестор былай түсіндірді: мемлекеттің құзырлы органы, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен Қытайдың КННК компаниясының арасында бірқатар кен орындарында көміртегі бойынша операциялар жүргізуге жасалған келісім-шартқа сәйкес акционерлік қоғамның салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлеуі жер қойнауын пайдалану келісім-шартымен реттеледі.
«Және осы келісімшартқа 1999 жылдың 1 шілдесіндегі №1 толықтыруда тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен міндетті медициналық сақтандыру қорының орынына әлеуметтік салықты төлеу енгізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті