Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті Жозе Лелло Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 9 Маусым 2008
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті алғаш рет 9-12-маусымда Қазақстанға ресми сапармен келеді «, — деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сапар барысында Ж. Лелло ел басшылығымен жүздеседі деп жоспарланған. «Кездесулер барысында Ауғанстандағы ахуалдың дамуына Қазақстанның беріп отырған бағасы, өңірлік қауіпсіздік мәселелері, Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауына байланысты Солтүстік Атлантикалық альянстың ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының келешегі секілді мәселелер талқыланады», — деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті