«Солтүстік біздікі, қазақтар онда уақытша»: Танымал саясаткер Ресейдің Қазақстанға деген көзқарасы туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Солтүстік біздікі, қазақтар онда уақытша»: Танымал саясаткер Ресейдің Қазақстанға деген көзқарасы туралы бар шындықты айтты

«Солтүстік біздікі, қазақтар онда уақытша»: Танымал саясаткер Ресейдің Қазақстанға деген көзқарасы туралы бар шындықты айтты

Танымал украиналық саясаткер Алексей Гончаренко өзінің Еуропарламенттегі сөзінде Қазақстан жайлы біраз шындықты айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 27 Сәуiр 2023
  • 1632
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша Қазақстан қазірдің өзінде көршілес Ресейдің ақпараттық шабуылының ықпалында тұр.

«Ресей күн сайын Қазақстанның, әсіресе оның солтүстүгінің өздерінікі екенін, ол жер Ресейдің бір бөлігі екенін және Ресей онлағы орыс тілді халықты қорғау керектігін күн сайын айтады», — деді саястаткер.

Саясаткер бұл ретте тағы бір елдің Ресейдің озбыр саясатының құрбаны болмауы керек екендігін атап өтті.



«Қазақстан – ол еуропалық ел. Олар біздегі құндылықтарды қолдайды, мысалы демократия, адам құқығы, құқықтың алда болуын жақтайды. Мен Қазақстан болашақта империяның құрбаны болмайды деп сенемін, керісінше бұл ел Еуропа кеңесінің мүшесі болуы тиіс, яғни осы арқылы еркін, біз сияқты қоғамға келіп қосылады деп сенемін. Алға, Қазақстан», — деді ол.