Солтүстік Қазақстан облысына ҚР-дағы Польша елшісі Я.Ключковски сапар жасады
Астана күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасындағы Польша елшісі Яцек Ключковски келіп, аймақ басшысы Серік Біләловпен және поляк диаспорасының өкілдерімен кездесті. |
Облыс әкімі қонаққа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан бойынша ең көп ұлт өкілдері тұратын өңірлердің бірі болып табылады. Аймақта 100-ден астам ұлт өкілдері достық пен өзара түсіністік ұранында еңбек етуде. Облыста «Коперник» поляк мәдениет орталығы жұмыс істейді.
Облыс әкімі елшінің осы сапары екіжақты қарым-қатынастың маңызды белесі болып, қазақстан-польша ынтымақтастығының одан әрі дамуына жаңа серпін береді деген сенім жеткізді.
Аймақ басшысы мен ҚР-дағы Польша елшісі Тайынша ауданында болып, 75 жылғы тарихы бар Жасылжар ауылының мерекесіне қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін