Жарияланды: 360

Солтүстік Қазақстан облысында егін себу науқаны тоқтап тұр

Солтүстік Қазақстан облысында егін салу науқаны мүлдем тоқтап тұр. Өңірде екі апта бойы толассыз жауған жаңбыр диқандарға жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік бермеуде.

Техника жауынның астында, егіс алқабында қаңтарылып тұр. Ал өткен айдың ортасында басталған жауын әлі толастар емес. Агротехнология шарттарына сай тұқым себу науқаны мамыр айында аяқталуы тиіс. Әдетте сол кезеңде себілген бидайдан ерте жазда бітік егін алынатын. Алайда қазір егіс алқаптарының тек үштен екісі ғана игеріліпті. «Жағдай осылай қала берсе, күзде өнімнен қағыламыз», - дейді диқандар.

Сергей Клименко, шаруа қожалығының бастығы:

- Қаншама жыл егін шаруашылығымен айланысып жүрсем де, биылғыдай көктем есімде жоқ.  Сегіз күн қатарынан  толассыз жауған нөсерді алғаш рет байқап тұрмын. Барлық техника алқаптарда жұмыссыз тұр. Тиісті агрошаралар сақталмай жатыр, ертең егінсіз қаламыз ба деп қорқамыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть