Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқанының барысында аумақтың 60 пайызы жаңа техниканың күшімен себілген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқанының барысында аумақтың 60 пайызы жаңа техниканың күшімен себілген

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқанының барысында аумақтың 60 пайызы жаңа техниканың күшімен себілген

Петропавл. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында биылғы егіс науқанының барысында аумақтың 60 пайызы жаңа техниканың күшімен себілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Маусым 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, өңірдің аграрлық секторын техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары бірнеше жыл қатарынан жүргізіліп келеді. Тек ағымдағы жылдың 5 айында 11 млрд теңгенің 1 мыңнан астам жаңа техникасы қосымша сатып алынған. Осы көктемде әдеттегі агрегаттардан басқа заманауи 708 тұқым себу кешені іске қосылған. Олардың өнімділігі әр тәулік сайын 200 мың гектарға тұқым себуге мүмкіндік берген. Егіс аумағының 60 пайызына нақ осы аталған жаңа техниканың көмегімен тұқым себілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті