Жарияланды: 460

Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезге қарсы облыстық диспансердің бас дәрігері болып Сәрсенғали Тынышбаев тағайындалды

Петропавловск. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезге қарсы облыстық диспансердің бас дәрігері болып Сәрсенғали Тынышбаев тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұйрығымен Сәрсенғали Тынышбаев Солтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері болып тағайындалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. С. Тынышбаев 1960 жылы Алматы облысының Карашелек ауылында туған. Целиноград мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген, Алматы мемлекеттік медицина институтында интернатурадан өтті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін