Жарияланды: 410

Солтүстікқазақстандық полицейлер Донор күні 25 л қан тапсырды

Солтүстікқазақстандық полицейлер сейсенбі күні атап өтілетін Дүниежүзілік донор күні 25 л қан тапсырды, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

«Бүгін түрлі бөлімшелердің 60 –тан аса полицейлері жұмыс күндерін қан орталығына барудан бастады. Жол сақшылары, патрульдік полиция батальонының, мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері, учаскелік және мектеп инспекторлары дәрігерлердің қан тапсыру туралы үндеулеріне үнемі үн қатады», - деп мәлім етті ҚазТАГ тілшісіне сейсенбі күні баспасөз қызметінің қызметкері Сергей Погосский. «Көшелер мен жолдарда қоғамдық тәртіпті қорғайтын, қылмыстарды тергеп, ашатын офицерлер мен сержанттар адамдардың қайғысын күнде көреді. Полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болғандардың қасынан табылып жатады, олар экстремалды оқиғаларды өз көздерімен көреді, сондықтан да бұл адамдарға донорлықтың қажеттілігі туралы түсіндірудің қажеті жоқ. Полицейлердің арасында тұрақты донорлар да аз емес», - деді ол. Дәрігерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп, ауыр ауруларға шалдықпағандықтан, қан орталығы оларды қуана қарсы алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін