Солтүстікте қар жауып, күн суытады - алдағы үш күнге ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікте қар жауып, күн суытады - алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Солтүстікте қар жауып, күн суытады - алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 21-23 сәуірде солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендейді деген болжам жасап отыр.

  • 20 Сәуiр 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Көктем солтүстік аймақ тұрғындарын жылы ауа-райымен ұзақ қуантпады. 22 сәуірден бастап елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны жетеді. Ол таза арктикалық ауаны алып келеді. Қараралас жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді", — деп атап өтті Қазгидромет.

Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр болып, шығыста қарға ұласады.

Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады. Олар Оңтүстік ауа массаларының ықпалында болады. Найзағай ойнап, азын-аулақ жаңбыр жауады. Бірақ жылы ауа райы сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы


Нұр-Сұлтанда 21 сәуірде күндіз плюс 13 градус, жаңбыр жауады, түнде плюс 6 градус. Жұмада күндіз 5 градус жылы, күн бұлтты, түнде 0 градус. 23 сәуірде күндіз күн ашық, плюс 5, түнде 2 радус нөлден жоғары.

Алматыда 21 сәуірде күндіз +20, түнде +16 градус. 22 сәуірде күндіз +23 градус, түнде аздаған жаңбыр жауады, 18 градус жылы. Сенбіде күндіз +24 градус, түнде 15 градус жылы.

Шымкентте 21 сәуірде күндіз +20 градус, найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады. 22 сәуірде күндіз + 24 градус. Сенбіде күн бұлтты, 25 градус жылы.

Соңғы жаңалықтар