«Сөмкеңді бер деп жұлмалады»: АҚШ-та үш бірдей қарақшыны сұлатып салған қазақ жігіті жергілікті «коптарды» дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сөмкеңді бер деп жұлмалады»: АҚШ-та үш бірдей қарақшыны сұлатып салған қазақ жігіті жергілікті «коптарды» дүр сілкіндірді

«Сөмкеңді бер деп жұлмалады»: АҚШ-та үш бірдей қарақшыны сұлатып салған қазақ жігіті жергілікті «коптарды» дүр сілкіндірді

Желіде АҚШ-тағы қазақ азаматының сол елдің үш бірдей қарақшысын сұлатып салған видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz

  • 17 Сәуiр 2023
  • 981
Фото - Caravan.kz

Сөмкесін тартып алмақ болған ұрылармен ұстасқан жас жігіт, видеода оқиғаның қалай болғанын айтып береді.

«Бәрі таң қалып жатыр. Духың мықты екен дейді. Басында бетіме мылтық тақаған кезде қорқып кеттім. Ол сөмкемнің ішінде ұялы телефон, құжаттарым, бәрі бар. Олар менен «сөмкеңді бер» деп жұлмалады. Мен құжаттарымды бер дедім. 6 машина, бір тікұшақ келген ғой?», — деп түсіндірді жігіт.

Қазақ оқырмандары жігітке қолдау көрсеткен.


«Жарайсың, қазақтың жігіттері осындай намысшыл болады», «Мықты екенсіз, бөтен елде жүріп, қалай қорықпадыңыз?», «Қиын екен, аман қалғаныңызға шүкір деңіз» деп жазды олар.