Соңғы аптада вирустың таралу деңгейі төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы аптада вирустың таралу деңгейі төмендеді

Соңғы аптада вирустың таралу деңгейі төмендеді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус ахуалы тұрақтанғанын мәлім етті.

  • 4 Мамыр 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз елімізде коронавирустан емделгендердің саны 1000-нан асқанын мақтанып айтамыз. Соңғы аптада аурудың таралу деңгейі төмендеді, қазір індетті жұқтыру көрсеткіші шамамен 7%-ды құрайды", — дейді Есмағамбетова. 

Сондай-ақ ол қазақстандықтарға карантин шараларын ұстанғаны үшін алғысын білдірді. Бас санитар дәрігердің сөзіне сүйенсек, еліміздегі жағдай бірте-бірте қайта қалпына келеді. 

"Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетеді. Біз қалыпты өмірге бірте-бірте оралуымыз қажет. Әрине, карантиннің жеңілдеуі елдегі жағдайға байланысты болады. Осының арқасында біз Қазақстандағы аурудың өрши түсуі мен медициналық жүйеге түсетін ауыртпашылықтың алдын алдық", — дейді ол.


Соңғы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 3988 адам коронавирус жұқтырған.