Жарияланды: 360

Соңғы екі күнде Қызылорда облысында екі адам суға кетті

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі соңғы екі күннің ішінде облыс аумағында екі адамның суға кетіп, қайтыс болғанын хабарлады.

Кеше 10 сағат 40 минут шамасында Сырдария өзенінде облыс орталығы тұсында суға шомылу кезінде 1994 жылы туған А.Е. суға батып кеткен. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел тобынан 2 адам, 1 бірлік техника, қалалық ішкі істер басқармасынан 3 адам, 1 бірлік техника, ТЖД Суда құтқару қызметінен құрамында 5 адам, 1 техника шығып, мәйітті судан алып шықты. Бұдан бір күн бұрын кешкі 21 сағат 30 минут шамасында Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі Ақжарма каналына суға шомылу кезінде 1964 жылы туған А.К. да суға батып кеткені белгілі болды. Оқиға орнына Сырдария аудандық ТЖБ-нің жедел тобынан 2 адам 1 бірлік техника, аудандық ІІБ 3 адам 1 бірлік техника, Қызылорда облысы ТЖД суда құтқару қызметінің құрамында 4 адам, 1 техника шығып, мәйітті судан алып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін