Соңғы кездері үкіметте қандай өзгерістер болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы кездері үкіметте қандай өзгерістер болды?

Соңғы кездері үкіметте қандай өзгерістер болды?

Осы айда үкімет құрылымында бірқатар өзгерістер болды. Министрліктердің кейбір міндеттері ауыстырылды. Тіпті кейбіреулері қайта құрылды.

  • 26 Қаңтар 2017
  • 845
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы осы өзгерістерге бір шолу жасап өткенді жөн көріп отыр.

Үкіметтегі соңғы қайта ұйымдастыруларағ қарағанда, биліктің көші-қон мәселесіне жан-жақты мән беріп жатқаны байқалады. Оның үстіне биылдан бастап халықты тұратын жеріне уақытша тіркеу ісі қатты қолға алынғаны мәлім.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 қаңтарда үш министрліктің ішкі құрылымын өзгертті. Елбасы жарлығына сәйкес, бұған дейін ұлттық экономика министрлігі жауапты болған көші-қон саласына қатысты бірқатар міндеттер (халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері) денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, ал осы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірқатар міндеттері (көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері) ішкі істер министрлігіне берілді. Яғни бір сөзбен айтқанда, аталған саладағы әлеуметтік мәселелермен ДСӘДМ, жоспарлау ісімен ҰЭМ, бақылаумен ІІМ айналысады.

Назарбаев кеше тағы бірнеше министрлікті өзгертті. Ең бастысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлініп, денсаулық сақтау министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайтадан құрылды. Сөйтіп,
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Тамара Дүйсенова
(бұған дейін ол ДСӘДМ-ін басқарған), ал денсаулық сақтау министрі болып осыған дейін Дүйсенованың орынбасары қызметін атқарып келген Елжан Біртанов тағайындалды.      

Қайтадан құрылған денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологоялық бақылау саласы қайтарылатын болды. Бұрын ол ұлттық экономика министрлігінің құрамында еді. Айтқандай, бұл министрлік жауапты болған тағы екі сала басқаларға үлестірілді. Яғни енді электр, газ және жылу жүйесімен қамтамасыз ету Энергетика министрлігінің, ал тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс инвестиция және даму министрлігінің құзырына өтті. Соңғы ведомство да өз құзырындағы туризм саласын мәдениет және спорт министрлігіне берді.

Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты үндеуін жариялады.

Соңғы жаңалықтар