"Сораң аққан сұрқыңа": Ақын көз жасына ерік берген экология министріне арнап өлең шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сораң аққан сұрқыңа": Ақын көз жасына ерік берген экология министріне арнап өлең шығарды

"Сораң аққан сұрқыңа": Ақын көз жасына ерік берген экология министріне арнап өлең шығарды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға ақын Төреғали Тәшенов жыр арнады. 

  • 14 Маусым 2023
  • 813
Фото - Caravan.kz

Ол өлеңін желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

"О, ЗҮЛФИЯ, ЗҮЛФИЯ!
Орманың болды зым-зия,
Тып-типыл болды қыр-қия.
Заманың болды сұрқия,
Билігін отыр мыңқия,
Шіренген өңшең шыртия,
Тойып алған тыңқия,
Екі ұрты бұлтия,
Түк болмағандай тымпия,
Берген кілең құл жия,
Екі көзі жыртия,
Отыз жыл бойы өтірік
Келген жоқ па жыртыла.
Орныңа барып отырар
Атылып шығар жұлқына
Алмады ма елің ұл туа?!
Көнбес сенің ырқына,
Салаға басшы боп бару—
Білген жанға мың күнә.
Тұрысына болайын
Сораң аққан сұрқыңа,
Қысылғаныңа қымсына.
О, Зүлфия, Зүлфия!
Ішіңнен үнсіз сыңсыма,
Көк түтінге тұншыға,
Қарағайың қырқыла
Бермесін десең, ұртыңа
Су толғандай тұрғанша
Жылай түс, шыңғыр, шырқыра!
Сеп болар ма екен көз жасың
Қара орманың—
Ұлтыңа!..", — деген ол. 

Желі қолданушыларының бірі "Жас министрді табалай берудің қажеті жоқ" десе, енді бірі "Кадрдың қадірі кеткен заман" деген пікірлерін жазуда. 


Айта өтейік бұған дейін жас министр туралы дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай да жазған еді.

Бұл көз жас — өрт түгілі өмірді білмейтін, жас шенеуніктің бірден министр болғанына өкінген көз жасы — Ерлан Төлеутай Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Соңғы жаңалықтар