«Бішкектің ауданаралық соты негізінен шағым арызында 20 млн 238 мың сом көлеміндегі соманы атап көрсеткен Бас прокуратураның Қырғызстан Социал-демократиялық партиясына берген шағымын қанағаттандырды. Сөйтіп, Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясынан Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының есебіне 20 млн 19 мың 780 сомды өндіріп алуға, сонымен қатар мемлекеттік баж салығы ретінде 188 900 сом өндіріп алуға қаулы шығарды»,- деп хабарлады бүгін сот мекемесінен.
«Бұл соманы Бас прокуратура Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясының жауапты хатшысы мен Орталық сайлау комиссиясының кеңеске қатысу құқығы бар мүшесі Эдил Байсаловтың келтірген үлкен көлемдегі шығыны үшін өтемақы ретінде белгілеген»,- деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарлағанымыздай, Э Байсалов өзінің интернет-сайтында үстіміздегі жылдың 16-желтоқсанында өтетін парламент сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің бланкісін бейнелеп шығарған болатын. Бірақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған сайлау туралы заң тыйым салады, себебі «сайлау бюллетеньдері тек сайлау өтетін күні ғана берілуге тиіс, ал бюллетень бланктері қатаң түрде есепке алынған. Байсаловтың бұл қадамы дайындалған 2,7 млн бланкті жоюға себеп болып отыр».
Сот шешіміне жауап ретінде Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы, Бішкек қалалық сотының бұл шешімімен келіспейтіндіктерін және де Орталық сайлау комиссиясына қарсы шағым беретіндігін мәлім етті. «Сот шешімі тек 30 күннен кейін ғана өз күшіне енеді, себебі онда екі заңды тұлғаның экономикалық таласы туып отыр. Біз оппоненттерімізге қосымша дайындалу мүмкіндігін бермеу үшін шағымда қандай талаптардың болатындығы туралы әзірге хабарламаймыз»,- деп хабарлады олар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті