Сот жүйесіне орасан өзгеріс енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот жүйесіне орасан өзгеріс енгізілді

Сот жүйесіне орасан өзгеріс енгізілді

Астанада 500 шетелдік судья төрелік етіп, сот процестері таза ағылшын тілінде өтетін халықаралық арбитражды орталық пайда болады.

  • 1 Ақпан 2016
  • 285
Фото - Caravan.kz


Ал елордадағы Жоғарғы сот жанында халықаралық кеңес құрылған. Оның құрамына қазақстандық білікті мамандардан бөлек шетелдік судьялар еніп, жұмысқа кірісіпті. Кеңес мүшелері 1 жылдық мерзімге сайланып отырады. Мұндай орасан өзгерістер жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңына келген Жоғарғы соттың мамандары баяндап берді. Айта кету керек, ел Президентінің Ұлт жоспарында қадап айтылған қадамдардың басым бөлігі осы сот жүйесіне арналған болатын. Айтпақшы, биылдан бастап азаматтық істерді қарауға жоғары деңгейдегі судьялар қатысатын болғандықтан прокурорлар одан шеттетілуде екен. Бағлан Мақұлбеков, ҚР Жоғарғы сотының судьясы: — Прокурорлардың азаматтық істерге қатысуы Кеңес заманынан қалған үрдіс болатын. Қазір елде экономиканың дамыған, жаңа қоғамдық қатынастар пайда болды. Осының негізінде прокурорлардың қатысуының қажеттігі болмай отыр.